Текст песни
Әрдайым анам жүрді жан жағымда,
Күнім жоқ бала күні құламаған.
Ауырып бірнеше күн қалғанымда,
Құдайға жалбарынып, жылады анам.
Жаныңнан асыл адам табылғанда,
Сезерсің бар ғаламның тербелісін.
Тырыстым мен қайтадан ауырмауға,
Анамның жылағанын көрмеу үшін.
Жан жүрегің ешқашан жыламасын,
Мейірімсің, мен үшін ғұламасың.
Өзің ғана жанымды ұға аласың.
Сен жадырап әрдайым жүр анашым.
Сынақты жолға салып тағдыр күрең,
Бәріне өз-өзімді кінәлағам.
Жоғалтып арманымды алдым білем,
Тағы да көрсетпестен жылады анам.
Жаныңды басқа жандар ұға алар ма?
Ең басты өмірдегі сол жеңісім.
Тырыстым мен қайтадан құламауға
Анамның жылағанын көрмеу үшін.