Текст песни
Қос жүрекпіз іздеген
Шын сезімнің қиясын.
Шақырымдар жүздеген
Шақырып тұр қия,асу.
Қанша қалам таусылды
Жазып жыр ғып сиясын.
Саған арнадым, махаббатымның
МЕЛОДИЯСЫН.
Шекара жоқ, жаным, екі арада
Сағыныш құс болып жете ала ма.
Талмай қанатым,
Тынбай сағатым.
Шекара жоқ, жаным, екі арада
Сағыныш құс болып жете ала ма.
Жүрсекте алшақ,
Жүрек сені аңсап.
Мынау жарық ғаламда,
Жүрегіме сиясың.
Шын ғашық жан адамға
Мұң, сағыныш - сый,асыл.
Ғашықтықтың хаттарын
Маған арнап жиярсың.
Саған арнадым, махаббатымның
МЫҢ ИДЕЯСЫН.