Текст песни
Кет десем жүрегімнен кетпейсің бе?
Үзсем де жанарыңның көп моншағын.
Бізде неге болашақ жоқ дейсің бе?
Кінәлі оған сенің өткен шағың…
Күнәлі өткен шағың
Жыласын, жылай берсін көздер мейлі
Ұмытылсын бақытты кездер мейлі.
Кешірім сұрасаң да
Жабығып жыласаң да
Ештеңе өзгермейді.
Ешқашан өзгермейді.
Сен жайлы болмаған соң ойым бөтен,
Мен сені қатты сүйдім сенші гүлім.
Бізді қанша бақыттан айырды екен
Бойыңдағы бір ғана кемшілігің
Бір ғана кемшілігің