Текст песни
Желмен бірге тербеледі кірпігі,
Қарағаны көзімен көркем еді
Еркелеген жағымды қылығы,
Қазақ қызы — әдемі, көрікті бейнелі
Қазақ қыздары — бір әлем, бір арман,
Сұлулығы табиғаттан нәр алған
Бүкіл ғалам қыздарынан өзгеше,
Жаратылған...
Қазақ қыздары тым бөлек әлем,
Біздің аруларға жоқ әңгімем
Көркіне ақылы сай келетін,
Ерекше, теңдесіз, әдемі ең
Ай нұрындай ақ жүзінде жарық бар,
Еркелесе көбелектей қалықтар.
Жымиғанда баяу көзбен сиқырлар.
Көрген жанды бір сәтте-ақ баурап алар көркі бар.
Әлия, Мәншүк қазақ батыр қыздары,
Бибігүл, Роза бәрі ел қызғалдағы.
Сөздері жылу жүрек емі,
Көргенде құлпырып гүлденеді.
Кім көрсе де айтады бәрі іштей:
«Қазақ қыздары» ең әдемі.
Қазақ қыздары тым бөлек әлем,
Біздің аруларға жоқ әңгімем.
Көркіне ақылы сай келетін,
Ерекше, теңдесіз, әдемі ең.