Текст песни
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табынып ер кімдермен санасады.
Өрімтал, көркем, сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап, күюің шын.
Мың ақын жырласа тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,
Бұл қыздар жаралған тек сүю үшін.
Қана алмас құмарың қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес,
Аспанның мың жұлдызын баласаң да.
Жүздірер жүректі нұрлы үмітке,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Қиял мен жұмбақтан жаратылған,
Қыз ару қалар мәңгі,
Қыз ару қалар мәңгі бұл биікте.
Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын отбасының жар ашады.
Тірліктің туы, мәні ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.
Көктегі ай, күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние, дала тынған.
Халқымның намысы – ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан,
Мәңгі өлмес арман жырдан жаратылған.
Өрімтал, көркем, сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап, күюің шын.
Мың ақын жырласа тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,
Бұл қыздар жаралған тек сүю үшін, сүю үшін.