Текст песни
Жаңбыр астындағы
Суланған жолда
Екі адам тұр үнсіз
Шатыры қолда
Жақын бірақ
Мың шақырым бардай арада
Екеуі қозғалмайды
Мүсіндей бейне
Айрылатын сәтпе
Өкпеме әлде
Қандай жақсы егер
Бір-бірін кешірсе
Махабат жеңеді ақыры
Өтеді кетеді барлығы
Шынайы бақыт деген
Кейде сынақтан кейін
Жетпей қалатын жандар
Жетпеген соңына дейін
Әр күннен бақыт ізде
Таппасаң үміт үзбе
Ол бәріне бірдей жол
Адаспайды ешкімде
Таңның да нұры жоқ
Көңілде күздей
Жауапсыз сұрақ көп
Сөйлейді көздей
Дауыссыз айқаймен
Айтысқан жүректей
Уақыт тамшылармен
Жылжып өтуде
Көз жасыма тамған
Жаңбырма әлде
Бір қадам жетпейді екеуіне