Текст песни
Жанартау жүрек жарыла жаздап,
Жетемін сенің жаныңа маздап.
Бүгінгі күннің болмысын көріп,
Кешегі күнді сағынам аздап.
Жабысы озған тұлпардан,
Қарғасы озған сұңқардан.
Ажырата алмас кез келді,
Кім әнші, кім би, кім палуан.
Гүлденер дала гүлденер,
Түрленер қала түрленер.
Сәннен кетпесін алайда,
Санаға сәуле нұр берер.
Адалдық пенен ар дейтін,
Алтыннан қымбат дүниелер.
Салымыз суға кетпесін,
Таңымыз атып үлгерер.
Мұқағалиша толғансақ,
Бізге де кезек бір келер!
Бізге де кезек бір келер!
Шындық айтсаңыз сыбырламаңыз!
Бақыттан сонда күлім қағамыз!
Жадына елдің жазылар бір күн
Біздің де досым ғұмырнамамыз!
Жабысы озған тұлпардан,
Қарғасы озған сұңқардан.
Ажырата алмас кез келді,
Кім әнші, кім би, кім палуан.
Гүлденер дала гүлденер,
Түрленер қала түрленер.
Сәннен кетпесін алайда,
Санаға сәуле нұр берер.
Адалдық пенен ар дейтін,
Алтыннан қымбат дүниелер.
Салымыз суға кетпесін,
Таңымыз атып үлгерер.
Мұқағалиша толғансақ,
Бізге де кезек бір келер!
Бізге де кезек бір келер!
Жабысы озған тұлпардан,
Қарғасы озған сұңқардан.
Ажырата алмас кез келді,
Кім әнші, кім би, кім палуан.
Гүлденер дала гүлденер,
Түрленер қала түрленер.
Сәннен кетпесін алайда,
Санаға сәуле нұр берер.
Адалдық пенен ар дейтін,
Алтыннан қымбат дүниелер.
Салымыз суға кетпесін,
Таңымыз атып үлгерер.
Мұқағалиша толғансақ,
Бізге де кезек бір келер!
Бізге де кезек бір келер!