Текст песни
Өзіңе тең келе ме дала таңы
Сипаған маңдайымнан алақаның
Өмірдің мезгіліндей күз шағында
Ұядан самғап ұшты балапаның
Анашым сағынышым алаулаған
Шақтарда хаттар бізден баяулаған
Бәрінде ұл-қызыңның жинап алып
Түс көріп жүр ме екенсің аяулы анам
Тең келер табиғатта күн өзіңмен
Бар шуақ төгілгендей бір өзіңнен
Өмірде қуат алып келем әлі
Мейірімді қарапайым мінезіңнен
Анашым сағынышым алаулаған
Шақтарда хаттар бізден баяулаған
Бәрінде ұл-қызыңның жинап алып
Түс көріп жүр ме екенсің аяулы анам