Обложка трека Kaytadan — G-Force feat. Adikke
2:44

G-Force feat. Adikke Kaytadan

Альбом · Kaytadan · 2022

Скачать

Текст песни

Эй, бізде бәрі окей
Қытайдың киімін кисек те абыройым түспеді төмен
Жолдан тайма, окей? Эй, boy, түзу жүрсей
Болайын өмірлік сэнсей, балам, you know i'am say
Отыздан асып барамын, мына битке жабысып қалғам
Өзімді сезініп Asap New York болмаса да қалам
Араладым мына қалаларды сәтті сапар
Тіліңді білмесең халыққа не керегің бар, а?
Күнде әрекет, жетем арманыма деп
Күшім жетсе ғана тек істеп by step
Істеп тастағам, мына ойын емес жаңа тағам
Мына бұрыңғы жолға мен қайта бастым қадам (а)
Он алты жол, old school, баста айқай шу
Істей аламын әлі, ата мені Тупак Шакур
Майкты бер, ары тұр, келмес шамаң
Оралды король Артур, тек шулама

Аспанға ұмтылса да жаным
Мына ойын тартады қайта төменге
Көздерім көрмесе де ол жақты
Шатастым мен мына Әлемде
Аспанға ұмтылса да жаным
Мына ойын тартады қайта төменге
Көздерім көрмесе де ол жақты
Шатастым мен мына Әлемде

Алдымен сәлемдесем, эй, келдім іздесең
Сол баяғыша құлақтан кіріп, жүректерді тесем
Күрт өзгерттім өмірімді, алайда болмады
Кете алмадым бұл ойыннан нүктесін қояйын десем
Елестеп көзге белестер
Жас болдық, енді артта қалды бастапқы кездер
Бірақ өкінбеймін бұның бәрі болды деп бекер
Тоқтатпас біздерді дауыл, аптап, іштегі дерт
Мың ойланып, не жазам? (эй) Бәлкім ойым енді таза?! (эй)
Өзімді тәртіпке алып, қолданам қандай жаза?(эй)
Бәріміз жан-жақтамыз, бізге керек Танос
Кек алушылар сияқты қайта жиналармыз
Бұл сонда не болды енді? Енді the end?
УайымDamage, бро, Сәкең қайтып келді
Ескі мектеп жүректе, жүректе мәңгілік
Шынайы бастан кешкенімізді жүрміз ән қылып

Аспанға ұмтылса да жаным
Мына ойын тартады қайта төменге
Көздерім көрмесе де ол жақты
Шатастым мен мына Әлемде
Аспанға ұмтылса да жаным
Мына ойын тартады қайта төменге
Көздерім көрмесе де ол жақты
Шатастым мен мына Әлемде

0:00 0:00