Обложка трека Ертегім — Жандос Қаржаубай, Айдын Сәндібай
3:12

Жандос Қаржаубай, Айдын Сәндібай Ертегім

Сингл · 2023

Скачать

Текст песни

Жүрегімде мұң асқындады
Қиялымда құрастырғалы,
Күн-түн іздеп таба алмай келем,
Күнекейім күн астындағы.
Жалғыз басым жалғайды арманын
Мен білмеймін, қандай жан бағың сенің,
Мінезің де мақтадай шығар,
Мақта қыздан аумай қалғаның жаным.
Сүйгенім,
Жанымды жанарыңмен талай өртедің,
Ай, ерке едің.
Жаным,
Ең ғажап ел білмейтін сенсің ертегім,
Көркемім менің.
Бар уайымнан арылғанша біз,
Ханшайым боп қалуды аңсаңыз.
Ханзадаң боп іздеп барайын,
Ұйқыдағы ару болсаңыз.
Кейіпкерді сүйгенбіз керім,
Ән, жыр, өлең, күйден де іздедім сені.
Қызығумен қарайтын ғалам,
Қызыл телпек киген қыз ба едің жаным.

0:00 0:00