Текст песни
Үнсіз ансау
Күту, сағыну
Сүйгеніңді жоғалтып демің тарылу
Үзілген үміт
Арақашықтық
Екеуміз бәрі бітті деп
Қайда асықтық?
Мың әлемнің біреуінде
Кездесетін туар бір күн
Айда, жерде, ертең, бүгін
Мейлі алыста
Болсаң да ғарышта
Кездесуге шақырамын, кел Марсқа
Өзіңмен алыспа
Қасымнан қалыспа
Кездесуге шақырамын, кел Марсқа
Күдер үзбеу
Арпалысу
Үнсіздікпен жалғыз, жай ғана табысу
Сен ұмыт деме
Мүлде тырыспа
Сеніменен ашылар бірге
Күн де тыныс та
Мың әлемнің біреуінде
Кездесетін туар бір күн
Айда, жерде, ертең, бүгін
Мейлі алыста
Болсаң да ғарышта
Кездесуге шақырамын, кел Марсқа
Өзіңмен алыспа
Қасымнан қалыспа
Кездесуге шақырамын, кел Марсқа