Текст песни
Махаббатым ең алғашқы
Өмірімнің сен жалғасы
Жаным менің әлемімнің
Тұнғиығын кел шарлашы
Өмірімнің мәні сенсің
Айтар әнім жаным сенсің
Байлығы мен бар ғажабы
Бұл әлемнің күнім сенсің
Сені әр кез көрген сайын
Махаббатқа мас боламын
Жаным сені бар әлемге
Сүйемін деп жар саламын
Махаббатым ең алғашқы
Өмірімнің сен жалғасы
Жаным менің әлемімнің
Тұнғиығын кел шарлашы
Әлі есте сол бір кезім
Ұмытылмас мөлдір көзің
Мені естен айырады
Жаным деген тәтті сөзің
Мен өзіңді көргенде
Шын қуанып кетемін
Көңіліңді бөлген сайын
Махаббатқа мен сенемін
Махаббатым ең алғашқы
Өмірімнің сен жалғасы
Жаным менің әлемімнің
Тұнғиығын кел шарлашы