Обложка трека Құмған алған — Алдияр, Нұрлан Айханұлы, АЗИЗ
3:41

Алдияр, Нұрлан Айханұлы, АЗИЗ Құмған алған

Сингл · 2022

Скачать

Текст песни

Құмған алған
Суға барған
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,
Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен
Жидек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен
Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен,
Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен
Сүйіп өткен,
Қыр самалын сағындым.
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым.
Өзім дейтін,
Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым.

0:00 0:00