Обложка трека Qoñyr Küz — Tarlan
2:37

Tarlan Qoñyr Küz Solo Version

Альбом · Qoñyr Küz · 2010

Скачать

Текст песни

Көкжиекке тығылып күн жылжиды солай уақыт
Үлбiреп сорлары қалды таспа жолдарды уатып
Жапырақ жерде қурап жамырап жаурап ұшады
Көңiл де дәл солай бұл қоңыр күз нышаны
Сезiм ағыл-тегiл ай көзi ап-анық
Ақын отыр ойда түн шырмауына маталып
Айтар ойын түптеп күмiспен күптеп өңдеп сапасын
Әйтпесе айтпаса өледi сөздiң атасы
Қашанғы өше ме осы бiр дертiм
Өмiр өкiнiшке толы бiр келкi
Әлде болар маңдайымның соры бәлкiм
Бiрақ менi түсiне бермейдi әркiм
Деп сiлкiп салды өзiнiң жан-дүниесiн
Бiлем сен деген сәттер де дәл осылай күйiнерсiң
Жабығып айналаңа көктем сiрә тек түске енедi
Сабыр күзден кейiн бiлесiң әлi қыс келедi
Сұрғылт тартып түстенедi солып суық қа тоңып
Айналып желмен айдалып лайға қаңбақтай қонып
Жапырақтың ғұмырындай көңiл тауып тұғырын
Ақын ақырын аңғарды ақыры күз ұғымын
Қанша ескi белестер көз жұмсаң елестер
Сақта жадың да сақта сен есте
Бiрақ сен ескер және тiк назарға
Сен күткен әлi де жаз алда
Әлiмсақтан сақталып келе жатқан болады сәлi
Ұзаққа созылуда ақынға осы түнгi сарым
Толғанып терең ойда көңiлi неге наразы
Қолға алып қаламын бiр сәт шимайлады қағазын
Бiрде құза ендi бiрде ыза кернеп
Жазғаны жақпай қайта сыза бермек
Неткен ұзақ ермек бiтпес дастандары
Параққа түскен мына жылдар ғана
Күз бе күдер үзген әлде мен бе
Жауабын тапқан уақ та әлденембе
Менде тұрмын мiне күз сенiң терегiңдей
Айтшы осы екеумiздiң мұңымыз неге бiрдей
Неге мәзбiн босатып iштегi назды
Неге жаздым көксеп сол сәттердi жазғы
Неге көңiлiме суық күндер келе жатыр
Күз мезгiлi жаныма соншалықты неге жақын
Ақын үнсiз кездейсоқ та әдеп бiр ой
Ұлы Абайда кешегi дәл осылай жыр еттi ғой
Көңiл ендi тоқ орындалғандай ойындағы
Ақын күз мезгiлiн мойындайды
Қанша ескi белестер көз жұмсаң елестер
Сақта жадың да сақта сен есте
Бiрақ сен ескер және тiк назарға
Сен күткен әлi де жаз алда

0:00 0:00