Текст песни
Көп гүлдерден таңдап алдым сені.
Жаным сенде жақын тарттың мені.
Мен сені көп іздедім,
Үмітімді үзбедім,
Махаббатқа жол салайық енді.
Көздеріңе ғашықпын қара-қара
Сені сүйіп барамын бара-бара
Жүрегімді берейін кел жаныма,
Жүрегімді сен бірақ жаралама.
Жалғыз саған арналады әнім.
Біз екеуміз бір кешейік бәрін.
Болған кезде мен бірге,
Сен осынау өмірде,
Ең бақытты жан боласың жаным.