Текст песни
Ия, саған жазады көп жігіттер
Сезімің болса біреуіне үміт бер
Болғым келмейді олардың арасында,
Саған таласатын үміткер
Ия, күнде неше түрлі көліктер
Аласың неше түрлі гүл мен жүзіктер
Жүргім келмейді сені кіммен жүр екен деп
Секілді ессіз көріпкел
“Сен менің жүрегімдесің” - дейсің маған
Ұнамайды мүлде жүретін жерлер көп адам
Ия, менде жүрек тек қана біреу
Сенде білмейм екеу, үшеу, бесеу
Бақытыма жетеді бір адам
Ал сен жүре бер бәрін ұнатамын,- деп
Бар бол әлде тез-тез ғайып бол
Менің сүйген жүрегіме лайық бол
Қызғанышты сенімсіздік дейсің
Онда өзіңді менің орныма қойып көр