Текст песни
Жанымның емі – жылы сөздерің
Үніңді сенің сағындым
Жібектің елі арманым менің
Қажытты-ау жанды лағыл мұң
Арманым мүлде орындалмаса
Қиялда жүріп көңілді арбаса
Тірліктің сенсіз мәні қалмаса
Ғайыпқа кетем бір күні
Жібектің елі өзіңе жетсем
Дертіме дауа табылар ма екен
Аққулы мекен Гәккулі мекен
Жайыққа кетем бір күні
Жібегім болсаң, Төлеген өзім
Сыңарым сен деп білемін
Аққудай қалқып көліңде сенің
Жанымда жүрсең деп едім
Арманым мүлде орындалмаса
Қиялда жүріп көңілді арбаса
Тірліктің сенсіз мәні қалмаса
Ғайыпқа кетем бір күні
Жібектің елі өзіңе жетсем
Дертіме дауа табылар ма екен
Аққулы мекен Гәккулі мекен
Жайыққа кетем бір күні
Арманым мүлде орындалмаса
Қиялда жүріп көңілді арбаса
Тірліктің сенсіз мәні қалмаса
Ғайыпқа кетем бір күні
Жібектің елі өзіңе жетсем
Дертіме дауа табылар ма екен
Аққулы мекен Гәккулі мекен
Жайыққа кетем бір күні
Жайыққа кетем бір күні