Текст песни
Былай болмайды иә-иә-иә
Бұл лай болмайды иә-иә-иә o_O
Бірақ ұнайды иә
Саған да ұнайды иә
У бойымыздан тарауда
Қайта соны қалауда
Оның баяу қозғалғанына қарай беремін тоймай
У-у-у, әр қимылы оның ұнайды, ешкімге ұқсамайды
Ол шағылысад(ы) айналасына төгіп күлгін өңді!
Ойымдағы қыз, мен сені бүгін мінсіз қылып, мүсініңді қалаймын, қалаймын
Қиялымнан жаныма алайын, алайын
Армандар шексіздікке талай тарайд(ы)
Орындалған кім қалай қалайды?
Негізінде бәрі өз қолыңда
Жан-жаққа шашырайды
Үлгергенімше жинаймын
Олардың кейбіреулері орындалса, ал кейбіреулері орындалмайды, бірақ та мен сынбаймын!
Иә, сынатындар сынайды
Жалмауыз кемпірлер тек аяқ астынан тырнайды
Әлі де таңдау бар сенде
Негізінде бәрі өз қолыңда
Болмайды деп сенсең, болмайды
Болады деп сенсең, болады
Иә-иә-иә, сен
Негізінде бәрі өз қолыңда
Болмайды деп сенсең, болмайды
Болады деп сенсең, болады
Иә-иә-иә, сен өзің шешесің!
(Түш) Әке-Шешесіз