Текст песни
1-ші куплет:
⠀
Екі жол үстінде, бағытымыз әр-түрлі.
Қаладық біріміз күнді, біріміз түнді.
Ажырайды екі ара, таңдадың сен кімді.
Достым ұмытпашы! «Тас жаратын гүлді»...
⠀
Иә, Бұл өмір тармақты жол бір,
Досым осыны санаңа қондыр
Құрдан-құр жәй өспейді ол гүл...
Бұл өмір қалайша болар екен жаңаша,
Сиқыры бар алтынның ләззаты тамаша.
⠀
Келістім дос сенімен, ақша ма саған керегі ең?
Дүние қоңыздықтан жеркенем, жан тәнімен пенде
Бес күндік өмірге елеңдеген...
Кең деген дүниең, бітіп қалар бүгін не ертең.
⠀
Ал менің пікірім басқа , бақыт бәрі-бір ақша.
Жақша ішінде сен, ал мен өз-өзіммен патша.
Сүру керек беделді. кедейлік оған кедергі,
Бітері рас өмірдің, амал жоқ қайтесің енді.
⠀
Қайырмасы:
⠀
Екі жол, екі бағыт, екі көз қарас,
Екі пікір, арада бақталас,
Екі дос, екі жүрек, әркімге өзінікі рас,
Екі түсінік еш бір болмас!
⠀
2-ші куплет:
⠀
Бауырым құндалықтар көп бұл өмірде,
Көңілге алма, дүние соңында бүгілме.
Бұл күнде күрес қажет жан ұйя шамы үшін,
Махаббат, адал достық сезініп көр оның күшін
⠀
Қолдың кірі ол ақша, қолында бар ол аздың,
Рухани байлық бақыт, онымен жүрек жаздың.
Құлы болма қағаздың, пәк пиғыл азығың,
Фәни мына ғұмырда, ұмытпашы мазмұнын.
⠀
Сөзіңнің жаны бар, бірақ байлықсыз дүние тар.
Кілті ол бұл ғаламның, әлемге есік ашар.
Болса қалтаң қалың, таңдағаның қалыңдығың.
Тақырланса әмиян, бетке тұтар атыңды кім.
⠀
Достар, шықпай жаныңнан, пайда үшін алынған
Үйлену оңай. жан ұя құрып қабынған.
Кедейлік пен жоқшылық, бұзды талай өмірді,
Бақыт ол ақша байлық, адамзаттар табынған.