Текст песни
Мәтіні:
Эволюция қате ұғым
Дарвин - маймыл. Ұнаймын деп жалған айта алмаймын
Америка - Экшн, əлемді құтқарушы
Буш па, Обама ма жаралған қару үшін!?
Қулықпен тонауда əлемді яһудей мырза
Бұл əлем менікі деп өз өзіне риза
Мариямұлы Иса əлі де келіп қалар
Даджал отқа түсер аштырмай-ақ виза
Туылсын ақын жырау, батырлар мен билер
Туылсын ибн-Сина, əл-Фарабилер
Азайып кетпесін ұлтым ғажайып біздің күйлер
Түбі тұнық асыл сөз, тек сана билер
Оң құлақтан кірген сөз сол құлақтан шықпасын
Құлға құл болу үшін басты бұқпаспын
Білімді-білімсіз екі түрлі бұл қоғам
Мақсатыма жетпей өлсем онда мен кім болғам
Қолға алып қаламымды қуаттаймын рухты
Сыра ішкен жігіттер толтырар тек қуықты
Бильдерберг ұжымы санаңды бүлдірмек
Биыл терген шөп шалаңмен ұрпақты күлдірмек
⠀
Қайырмасы:
Сұраққа жауап болар - ол күнге де жетерміз
Əділеттік орналар- ол күнге де жетерміз
Жүректер жазылар - ол күнге де жетерміз
Соғыс өрті жоғалар- ол күнге де жетерміз
сүрінсек те құламай- ол күнге жетерміз
Жеңіс үшін налымай - ол күнге де жетерміз
Аш қарын тоқ болар - ол күнге де жетерміз
Амалға есеп берер ол күнге де жетерміз
⠀
Жаман үйдің қонағы би, ақ босаға
Һақ сөзін айтады Нәби жақпаса да
Бауырым осыны жадыңда түй
Түйе мінген кім болса да Құран тілі араби
Көкелердің ойы "тек қана жеп қалайын"
Кедей бай, бай Құдай болуға дайын
Жуынып, шайынып қолдың қанын езер
Жайылған дастарханыңнан бас тартайын
Бұл өмір - ойын, жай ғана бір белес
Дүниені қолыңда ұста, жүректе емес
Кеңесімді айтайын уақытында түсінесің
Сəтін жіберіп алсаң пайдасыз өкінесің
Қу жалғыздық қинады, қашамыз тұрмыстан
Басы бос, жиналды алыстап намыстан
Жағдайы келе тұра талақ қылар көбейіп
Тынысы тарылғанда іздейтіні - Түркістан
Адамзат атылып шыққан бір тамшы су
Күнəні шаю үшін білері қан ағызу
Өзгені адам көрмес- тек ойы бұзу
Қанішердің адырайып көрінер тісі азу.
⠀
Қайырмасы:
⠀
Ол күнге де жетерміз, өмір асау, толқын теңіз
Өмір өзі ақ пен қара, өмір-өлім тумаластай
Маған еріңіз, егерде сөзіме сенсеңіз барып
Неге? Кім атты Алтынбекті? Қайда кетеміз?
Оңға ма? Солға ма? Білгім келгені сол ғана
Қылмыскердің орыны үйде ме? Əлде торда ма?
Кім атты Заманбекті? Жанұясын еңіретіп!
Тағы да сол бір сұрақ! Енді өлу кімнің реті
Қандай оның келбеті? Қандай оның ниеті?
Қандай оның достары, əйелі оның сүйетін?!
Түрі мен түсі, мұрыны, құлақ шашы, тісі
Бұл екеуін өлтірткен ұсталмайтын қандай кісі?
А? Кім ол? Кім ол сонша көрінбейтін?
Қайда əділ КНБ? Прокурормен прокурор
Мент елім дейтін, қағаздар қайда желімдейтін
Мен үшін олар актёр жамылғандар "Сенім" кейпін!
Қатты айтты демеңіз ол күнге де жетерміз,
Ақша мен билік берсе хайуаннанда бетерміз.
Нəпсіні алға қойып, алғанша қарын ... тойып
Құрбандыққа адамдарды жатыр малша сойып.
Ақиқат айтқандардың көзін жойып аузын жапты,
Қаншама отбасының тамырына балта шапты
Жауабы жоқ, теледидарда бəрі тəтті
Ақиқатты жерледік бір уыс салып топырақты!