Текст песни
Өткеннің бәрі,
Бұрылып қайта айналып келмейді.
Аңсай бер сен мейлі,
Көзіңде көрмейді.
Әр күнің бақыт,
Тағдырың дегеніңе көнбейді.
Бір маза бермейді,
Жүркеті тербейді.
Кейде үнсіз,
Кейде мұңсыз.
Кейде тілсіз,
Мезгілсіз келген махаббат.
Қайта келмейді шаттығың,
Қайта келмейді ақ гүлің.
Қайта келмейді өткенің,
Қайта келмейді кеткенің.
Асыға күттім
Бозарып атқан талай ақ таңым,
Бақытты шақтарым,
Тербеген тәтті әнім.
Самалын жұттым,
Сезімнен тәтті болған мақпалым.
Сезімді сақтадым,
О менің әппағым.
Кейде үнсіз,
Кейде мұңсыз.
Кейде тілсіз,
Мезгілсіз келген махаббат.
Қайта келмейді шаттығың,
Қайта келмейді ақ гүлің.
Қайта келмейді өткенің,
Қайта келмейді кеткенің.
Я айта бер мейлі,
Қайта келмейді өткен күн.
Онсызда бірақ
Жүрегім жылап кеткенмін.
Мен үшін енді
Ақпаннан қалған ақ қарды.
Еріп кететін
Күн шуағына көктемнің.
Қайта келмейді,
Қайғысыз өткен уақытың.
Қайта келмейді,
Балалық шақтағы бақытың.
Қайта келмейді,
Жайдарлы жастық шағыңда.
Бағалай білші,
Бақыттың бағын барында.
Қайта келмейді шаттығың,
Қайта келмейді ақ гүлің.
Қайта келмейді өткенің,
Қайта келмейді кеткенің.
Бекберди шарипов
Бақдәүлет арыстан