Текст песни
Өмір сынақ несіне таңқаласың
Басқа түссе бәрін де аңғарасың
Уақыт керек себебі уақыт емші
Уақыт керек емдеуге жан жарасын
Уақыт керек уақытты бұруға да
Уақыт керек қыр сырын ұғуға да
Уақыт керек себебі уақыт емші
Уақыт керек шырмаудан шығуға да
Мұңаймашы құр ойға батып демек
Арман бөлек адамда бақыт бөлек
Екеуіне жетерсің бір күндері
Уақыт керек бәріне уақыт керек