Перейти к содержимому
Обложка трека Қара шаңырақ — GIBRAT
4:47

Трек

GIBRAT Қара шаңырақ

Сингл · 2023 · Поп

Скачать

Текст песни

Жасырып қайтем жарамды
Асырып қайтем бағамды
Ауылдан ұзап көрмеген
Көшіріп алдым Анамды
Ауылым қалды ау аңырап
Айдыным қалды ау жамырап
Қонысым болған 40 жыл
Шаңырақ қалды ау қаңырап
Қонысым болған 40 жыл
Шаңырақ қалды ау қаңырап
Өсіп ек сенде жамырап
Кетіп ек сенен тамырап
Әкемнің болған көзіндей
Қайран да қара шаңырақ
Жанарым жасқа тұнғанда
Мұң тұрды мұздай мұржамда
Шырылдап кетті ау жүрегім
Қақпаңды жауып тұрғанда
Мойыныма таққан тұмарым
Кешегі қайда жыр әнім
Арман мен кеткен ақын ем
Ауылға кім боп барамын
Өсіп ек сенде жамырап
Кеттік қой сенен тамырап
Әкемнің болған көзіндей
Қайран да қара шаңырақ
Қалдың ба солай қаңырап

0:00 0:00