Текст песни
Өкінбе сен,
Жылап ал тек егілме
Қайғы-мұң мен уайым,
Бәрі өтер…
Сөздерімді
Сақтап ал жүрегіңе,
Дәл өзіңдей жарық
Жан жоқ әлемде!
Уақыт бәрін емдейді,
Төзе білген сөнбейді!
Қанша ауыр болса да,
Күлімдеші күнім сен мейлі.
Айың туар оңыңнан,
Көздің жасыңа қолыңа
Қонуменен сейілер..
Күліп еске аларсың оны да..
Жүрегіңнің дауысын тыңда,
Жарық күндер тұр ғой алдыңда,
Қарсы ағысқа жүзе бер сынба,
Берілме мұңға!
Өміріңде жалғыздығың және сен,
Күрсінбеші жаным, уақыт келер…
Сүйгенің де сыйың болып кезігер,
Шын бақыттың дәмін сенен іздеп.
Жүрегіңнің дауысын тыңда,
Жарық күндер тұр ғой алдыңда,
Қарсы ағысқа жүзе бер сынба,
Берілме мұңға!
Айың туар оңыңнан,
Көздің жасыңа қолыңа
Қонуменен сейілер..
Күліп еске аларсың оны да..
Күнің енді сөнбейді,
Жан дүниең гүлдейді.
Бәрін кешіп өтеміз,
Жүрегің саған соны біл дейді!