Текст песни
Тоңдырсын жанын күз мейлі
Көктемнен үміт үзбейді
Ал, бірақ неге кейд(е) адамдар
Алыстан бақыт іздейді?!
Тірегім аппақ тілегім де.
Өзіңсің, мәңгі біргемін.
Мен үшін бақыт бұл өмірде
Қасымда сенің жүргенің.
Жазылған атың жүрегімде
Қайталай берем күнбе күн
Мен үшін бақыт бұл өмірде
Көктемгі күндей күлгенің
Табалмай жаны жарасым
Билеген тұрмыс санасын.
Адасып жүрген жандар қанша
Бақыттың білмей бағасын.
Жанымды жаным жылытасың
Құшағың сенің сая бақ.
Кездерді қалай ұмытасың
Арманды құшқан аялап
Жазылған атың жүрегімде
Қайталай берем күнбе күн
Мен үшін бақыт бұл өмірде
Көктемгі күндей күлгенің
Өзіңмен мәңгі біргемін