Текст песни
Күндер біздер кешкен есімде,
Көре бердім сені түсімде.
Айта алмадым бірақ ешкімге.
Махаббаттың сырлы кешінде,
Келіп кеттің сен бір кескінге,
Қалмай қалды бірақ ес мүлде.
Сен дегенде,
Жанды кеуде.
Сен менімен бірге,
Бола алмадың мүлде.
Сен дегенде,
Әрбір күнде,
Сыр айтамын кімге?
Айтшы маған, үнде.
Сезгім келді сезім жаныңда,
Айналдың сен неге сағымға.
Өткен шақта мәңгі қалдың ба?
Уайымдарға терең салдың да,
Басқа жанға жетіп бардың ба?
Сөзің айтқан әрбір жадымда.
Сен дегенде,
Жанды кеуде.
Сен менімен бірге,
Бола алмадың мүлде.
Сен дегенде,
Әрбір күнде,
Сыр айтамын кімге?
Айтшы маған, үнде.