Текст песни
Жанға жақын болғасын да
Күйіп барам ұғасың ба
Бақытымен қоштасуға
Сүйген жүрек шыдасын ба
Берген бақтай бір басыма
Теңеп едім, шын асылға
Болмайтының жанға батты
Енді мүлде сен қасымда
Арман енді біздер аңсаған ұлы күн
Жүрекке қатты соққы болды бұл үкім
Қымбатқа түсті бұл сезімнің құны тым
Қош, бақытым
Жалған үміт арбады көп
Сезіміңнің салмағы жоқ
Деп сөкпеші, өтінемін
Әр сөзім шын, жалғаны жоқ
Өткінші өмір... алдары көп
Әттең дейтін таңдары көп
Мәңгілікке сен қаларсың
Жүрегімнің арманы боп
Арман енді біздер аңсаған ұлы күн
Жүрекке қатты соққы болды бұл үкім
Қымбатқа түсті бұл сезімнің құны тым
Қош, бақытым
Жан баураған ажарың маған шақты мұң
Қайда ұшып кетті дегендей шаттығым
Саған деген сезімім айтпақ ақтық үн
Қош, бақытым