Текст песни
Көзіңе көл тұнды
Ақ бұйра толқынды
Бой жетіп қалыпсың
Күн сүйген көркіңді
Қай жанның сәні едің
Қай жанның әні едің
Ай мүсін аяулым
Әдемім-әдемім
Жас күніңде жаз гүліндей жайна
Самғашы қанат қағып айға
Балауса бал күндерің қайда
Еркеле құшағыңды жайда
Жас күніңде жаз гүліндей жайна
Самғашы қанат қағып айға
Балауса бал күндерің қайда
Еркеле еркеле жаным
Талғамың тым биік
Толқындай тұңғиық
Армандар алдыңда
Қол созған мың биік
Жауқардай жыр дастан
Тап-таза нұрлы аспан
Ақ арай гүлдерге
Жүрегім сырласқан
Жас күніңде жаз гүліндей жайна
Самғашы қанат қағып айға
Балауса бал күндерің қайда
Еркеле құшағыңды жайда
Жас күніңде жаз гүліндей жайна
Самғашы қанат қағып айға
Балауса бал күндерің қайда
Еркеле еркеле жаным
Жан дүнием алаулаған
Армандар ән аумаған
Ғажап ау дидарыңа
Сүйсініп қарау маған
Жас күніңде жаз гүліндей жайна
Самғашы қанат қағып айға
Балауса бал күндерің қайда
Еркеле құшағыңды жайда
Жас күніңде жаз гүліндей жайна
Самғашы қанат қағып айға
Балауса бал күндерің қайда
Еркеле еркеле жаным